«Қатерлі ісікпен күресейік» қоғамдық қоры және Қазақстан паллиативтік көмек қауымдастығы Estée Lauder компаниясының қолдауымен «Розовая ленточка – Қызғылт таспа – Pink Ribbon» жобасы аясында 2026 жылғы 17–21 тамыз аралығында «Диалогтан – сенімге: онкология және паллиативтік көмек саласында пациентпен және оның отбасымен қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдылары» атты тегін білім беру онлайн-интенсивін өткізеді.
Қатысуға онкологтар, маммологтар, жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер және МСАК-тың басқа мамандары, паллиативтік көмек дәрігерлері мен мейіргерлері, онкологиялық қызмет пен МСАК мейіргерлері, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, сондай-ақ ауыр аурулары бар пациенттер мен олардың отбасыларына көмек көрсетуге қатысатын басқа да мамандар шақырылады.
Білім беру циклінің мақсаты – онкологиялық және басқа да ауыр аурулары бар пациенттермен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері мен басқа мамандардың практикалық дағдыларын дамыту. Атап айтқанда, күрделі клиникалық жағдайларда қарым-қатынас жасау, жағымсыз жаңалықтарды жеткізу, пациент пен оның отбасының эмоциялық реакцияларымен жұмыс істеу, бірлесіп шешім қабылдау, жанжалдардың алдын алу және оларды шешу, сондай-ақ паллиативтік көмекті уақтылы көрсету және негізгі симптомдарды бақылаудың базалық мәселелері қарастырылады.
Бес вебинар барысында қатысушылар халықаралық тәжірибеде қолданылатын NURSE, SPIKES, VALUE, Shared Decision Making коммуникациялық құралдары мен алгоритмдерімен танысып, оларды практикалық мысалдар арқылы пысықтайды. Сондай-ақ күрделі әңгімелер жүргізу және пациенттің отбасымен өзара әрекеттесу тәсілдері қарастырылады. Жеке вебинар паллиативтік көмектің практикалық минимумына, оның ішінде назар аударуды қажет ететін симптомдарды анықтауға, ауырсынуды бастапқы бағалауға және оны бақылаудың негізгі қағидаттарына арналады.
Вебинарлар 2026 жылғы 17–21 тамыз аралығында күн сайын сағат 16:00-ден 17:30-ға дейін онлайн форматта өтеді. Қатысу тегін.
Онлайн-интенсивке тіркеліп, білім беру циклінің кемінде үш вебинарына қатысқан мамандар электрондық сертификат ала алады.
Вебинарлар орыс тілінде өтеді. Білім беру циклі аяқталғаннан кейін тіркелген қатысушыларға вебинарлардың қазақ тіліне аударылған бейнежазбалары, сондай-ақ «Диалогтан – сенімге» электрондық практикалық нұсқаулығы қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болады.
Алдын ала тіркелу міндетті. Келесі сілтеме арқылы тіркелуге болады:Регистрация

Тіркелгеннен кейін қатысушы көрсеткен электрондық поштаға тіркелгені туралы растау және вебинарларға қосылуға арналған бірыңғай сілтеме жіберіледі.
Сұрақтарыңыз болса, жұмыс уақытында WhatsApp арқылы +7 (701) 999-0014 нөміріне немесе oncologykz@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыз.
Общественный фонд «Вместе против рака» и Казахстанская ассоциация паллиативной помощи при поддержке компании Estee Lauder в рамках проекта «Розовая ленточка – Қызғылт таспа – Pink Ribbon» проводит 17–21 августа 2026 г. бесплатный образовательный онлайн-интенсив «От диалога — к доверию: практические навыки общения с пациентом и семьей в онкологии и паллиативной помощи».
К участию приглашаются врачи-онкологи, маммологи, врачи общей практики, участковые терапевты и другие специалисты ПМСП, врачи и медицинские сестры паллиативной помощи, медицинские сестры онкологической службы и ПМСП, психологи, социальные работники, а также другие специалисты, участвующие в оказании помощи пациентам с тяжелыми заболеваниями и их семьям.
Цель образовательного цикла – развитие практических навыков медицинских и других специалистов, работающих с пациентами с онкологическими и другими тяжелыми заболеваниями, включая навыки общения в сложных клинических ситуациях, сообщения плохих новостей, работы с эмоциональными реакциями пациента и семьи, совместного принятия решений, предупреждения и разрешения конфликтов, а также базовые вопросы своевременного оказания паллиативной помощи и контроля основных симптомов.
В ходе пяти вебинаров участники познакомятся и на практических примерах отработают международно применяемые инструменты и алгоритмы коммуникации NURSE, SPIKES, VALUE, Shared Decision Making, подходы к ведению трудных разговоров и взаимодействию с семьей пациента. Отдельный вебинар будет посвящен практическому минимуму паллиативной помощи, включая выявление симптомов, требующих внимания, первичную оценку боли и основные принципы ее контроля.
Вебинары будут проходить ежедневно с 17 по 21 августа 2026 года с 16:00 до 17:30 в онлайн-формате. Участие бесплатное.
Электронный сертификат участника онлайн-интенсива смогут получить зарегистрированные специалисты, посетившие не менее трех вебинаров образовательного цикла.
Язык вебинаров – русский. По завершении образовательного цикла зарегистрированным участникам будет предоставлен доступ к видеозаписям вебинаров с переводом на казахский язык, а также электронному практическому руководству «От диалога – к доверию» на казахском и русском языках.
Предварительная регистрация обязательна. Можно зарегистрироваться по ссылке: Регистрация

После регистрации участникам на указанную почту будет направлено подтверждение и единая ссылка для подключения к вебинарам.
Если у Вас остались вопросы просим писать на WhatsApp в рабочее время:
+7(701)999-0014 или на почту oncologykz@gmail.com.